2022 жылғы 17 наурызда «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы аға оқытушысы А. Естемирова біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына «Әл-Фараби» қалалық ғылыми – әмбебаб кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып «Цифрлық технологияларды дамыту жағдайындағы медиа сауаттылық: білім беру ұйымдары кітапханаларының жаңа функционалы», «Автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе құралдарымен мектеп кітапханасының қорын каталогтау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Ондағы мақсат: автоматтандырылған ақпараттық–кітапханалық жүйе құралдарымен мектеп кітапханасының қорын каталогтау оны жаңғыртуға, мектеп кітапханасының абонентері мен оқырмандарына қызмет көрсету мен таныстыру.Іс-шара барысында кәсіби құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін ақпараттық-кітапханалық қызметі бойынша мағлұматтар алып, тәжірибие алмасты.

