Қордай ауданындағы біліктілікті арттыру курстары

Ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 8 сәуірі аралығында оффлайн-форматта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстары өткізілуде. «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы директорының оқу-әдістемелік жұмыстары  жөніндегі орынбасары Ш.Тайганбекова,   облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Л.Өтеулиева,  аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі С. Бахрамова курс аясында Қордай ауданының педагогтерімен кездесті. Тыңдаушылар курс мазмұны бойынша меңгерген білімдері негізінде кәсіби және цифрлық құзыреттіліктерді жетілдіру бағыты бойынша  алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, курс бағдарламасы пәндер мазмұнындағы негізгі күрделі тақырыптарды қарастыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тәжірибеде қолданылатын тәсілдерді қолдануға, инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін күшейтуге, жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеуге және сараптауға бағытталғандығы туралы айтты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар