2021 жылдың 05 сәуірінде «Өрлеудің» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушысы Кенжехожаева Ляззат Шакимардановна «Білім алушылардың зияткерлік рухани-адамгершілік және дене дамуын қамтамасыз ету үшін өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы барысында облыс мектептерінен біліктілік арттыру мақсатында келген орта білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне Шымкент қалалық №68 жалпы орта мектебінде көшпелі тәжірибелі сабағын ұйымдастырды. Тәжірибелі сабақ барысында дінтану мен география пәнінің мұғалімі- Әшірбаев Асылбек «Қазақстандағы ислам мәдениеті, исламдық сәулет өнері және жазба ескерткіштері» тақырыбында жүйелі ұйымдасқан сабақ үлгісін көрсетіп, география мен өлкетану пәнінің мұғалімі – Исашева Мақпал «Туған өлкеміздің тарихын білесің бе?» тақырыбында сайыс сабағын ұйымдастырып тәжірибесімен бөлісті. Курс тыңдаушылары бұл сабақтан соң тәжірибе алмасу және педагогикалық қолдау көрсетудің маңыздылығын талдады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетану жұмыстарын жетілдіру бағытында «Өлкетану» курсының жас ұрпаққа берері мол екеніне тыңдаушылар тәжірибе жүзінде көз жеткізді.



