Ақтөбе қаласындағы №17 орта мектеп гимназиясы базасында көшпелі сабақ ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде тарих пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы аясында Ақтөбе қаласындағы №17 орта мектеп гимназиясы базасында көшпелі сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-білім беру сапасын қамтамасыз етуге қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, тарих мұғалімінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Мектеп – гимназия директоры А. И. Унгарбаев кіріспе сөз сөйлеп, директордың орынбасары Е. Г. Макарова тыңдаушыларды мектептің әдістемелік жұмысымен таныстырды.

Тарих пәнінің мұғалімі Н.П. Дерезовскаяның ұйымдастыруымен “Жәңгір хан жанындағы Қазақ-жоңғар қақтығысы” тақырыбындағы панорамалық тарих сабағына қатысып, мұғалімдер өздерін толық көлемде оқушылар ретінде сезінді. Сондай-ақ, мектеп дебат клубының жетістіктерімен Т. М. Омарғалиев таныстырды.

“Семинар қонақтар көзімен” атты рефлексияны “Өрлеу”институтының аға оқытушысы Л.Л. Отарбаева өткізді.

Ақтөбе қаласының №17 мектеп-гимназиясы мұғалімдерінің ұжымына қызықты және мазмұнды семинар ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар