Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет –қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастаймыз. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен, мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы мақсатта «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы филиалында 11.04.2022ж. «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., П.А.Абашеваның ұйымдастыруымен «Монтессори педагогикасын қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер сынып өтілді. Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында М.Монтессори педагогикасының тиімділігі мен ерекшеліктерін көрсету. Шебер сыныпқа мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты. Қатысушылар саны: 25.Іс-шара соңында қатысушылар өзіндік тәжірибелерін ортаға салып, сабақтан алған әсерімен бөлісті.



