«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының аймақтық кезеңі бойынша педагогтерге кеңес беру жалғасуда. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының әдіскері С. Шевченко Тараз қ. № 8, 12 бөбекжай-бақшаларының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері үшін конкурсқа қатысу бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізді. Іс-шараға қатысушылар конкурстың өңірлік кезеңін өткізу туралы ережемен, бейнематериалды ресімдеуге қойылатын талаптармен және қатысу үшін өтініш беру нысанымен егжей-тегжейлі танысты. Іс-шара барысында педагогтер сюжет құрылымы, сценарий әзірлеу, түсірілім сапасы және монтаждау ерекшеліктері бойынша сұрақтар қойды. Іс-шара соңында 2019 ж. конкурс жеңімпазы, №12 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Ирина Зайнулинаның «Я б в полицию пошел», «Мой город Тараз», «Я гражданин своей страны» атты авторлық шығармашылық жұмыстары көрсетілді. Байқауға өзінің кәсіби деңгейін жетілдіріп, өз мамандығы бойынша үздік, нәтиже көрсеткен И.В.Зайнуллина сияқты кәсіби педагогтер қатыса алады. «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022 байқауының толық ақпараты «Өрлеу»БАҰО» АҚ сайтында мына сілтеме https://ppi.orleu-edu.kz/ бойынша орналастырылған. Қатысушылардың өтінімдері мен конкурстық материалдары 2022ж 14 наурызы мен 30 кыркүйек аралығында берілген сілтеме бойынша қабылданады https://inlnk.ru/0QnkyG

- 20 Апр
- 2022