Өз ұрпағының “Сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен халқымыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп келген. Осы мақсатта «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы филиалы 2022 жылдың сәуір айының 13 жұлдызында курстан кейінгі қолдау аясында Шымкент қаласы №130 жалпы орта мектепте ұйымдастырылған «Ұлттық өнер және рухани мәдениет – рухани байлығымыз» атты апталық іс-шараға қатысты. Іс-шараға институт қызметкері, қолөнер шебері Б.Ә.Айдарбек қатысып, ұлттық өнеріміздегі қолөнер бұйымдарының жасалуы туралы 8-9 сынып оқушыларына шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет екендігіне тоқталды. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Іс-шара соңында сұрақтар мен жауаптар арқылы оқушылармен кері байланыс ұйымдастырылды.




