Үстіміздегі жылдың 22 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы Назира Абдикеримова Тараз қаласындағы мәдени-тарихи нысандарға көшпелі тәжірибелік сабақ «Білім алушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік және дене дамуын қамтамасыз ету үшін өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу» курсы аясында жүргізілді. Сабақ барысында педагогтер Тектұрмас этно-тарихи кешені, Орталық өлкетану мұражайы, Көрме залы және Даңқ залында болып, әртүрлі кезеңдердегі оқиғалармен, туған өлкеміздің тарихи мұраларымен танысуға мүмкіндік алды.


