Тірек мектептермен жұмыс

«Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының жетекші тірек мектебінің бірі Келес ауданы, №100 Ә.Жанкелдин атындағы жалпы орта мектебінің базасында 2022 жылдың 25 сәуірінде семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: жан-жақты жетілген, заман талабына сай қабілетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасауда инновациялық бағыттағы жұмыс түрлерін ұйымдастыру тұлғаның толыққанды дамуына белсенділік, жауапкершілік танытатын педагог қауымына инновациялық жұмыс түрлерін ұсыну. Семинар барысында «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының білікті мамандары әдістемелік көмек көрсету мақсатында шебер-сыныптар өткізді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Айдосова Айгул Ерубаевна «Проблемалық оқыту» тақырыбында шебер сынып көрсетті.«Оқушылардың жаhандық құзіреттілік өлшемдерін арттыруға арналған (PISA) тапсырмалары» тақырыбындағы шебер сыныпты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Жуманова Райхан Муратовна өтті. Семинарға Келес ауданының пән әдіскерлері, пән мұғалімдері, тірек мектептің пән мұғалімдері қатысты. Семинардан кейін №100 Ә.Жанкелдин атындағы жалпы орта мектебінің пән мұғалімдерінің қиындықтар аясын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар