Эстонияда тағылымдама барысында институт оқытушылары Э.Б.Мирзалиева., Ж.С.Хайрушева Нарва қаласындағы “Narva lasteaed Sädemeke” балабақшасының пилоттық жоба бойынша өткізген сабағына қатысып, тәжірибе алмасты. Эстон тілінің мұғалімі – ұлты орыс Эллина Романова мектеп алды даярлық топта «Ыдыс-аяқ» сабағында сөйлейтін қыстырғыш пен қаламсапты қолданды. Осындай әдіспен біздің елде де балабақшаларда қазақ тілін үйретуге болады.
