Білім беруді тұрақты дамыту сапасын стратегиялық басқару

2022  жылдың  21 сәуірінде Өрлеу ББЖ ҚБАРИ аға оқытушылары Комекова С.О. мен Абайдуллаева А.А. басшылығымен  орта білім беру ұйымдары басшыларына арналған көшпелі практикалық сабақ негізінде Алматы қаласы, «І. Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ базасында «Білім беруді тұрақты дамыту сапасын стратегиялық басқару» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында аталған мектептің директоры Каскирбаева А.Х. тәжірибелік таныстырылымында мектеп тарихы туралы мағлұмат бере отырып, мектептің даму жоспарымен, басқару қызметі жүйесінің циклограммасы және мектеп реформасының негізгі бағыттары мен ұжымның жалпы жетістіктерімен таныстырды.

Орынбасарлары – Огай Н.В, Нагметова П.Т., Арынбаева А.К., Матвеева И.Г., Заманхан Р.К., Бекбаевалар А.Е. оқыту үдерісін тиімді басқарудың заманауи технологияларымен, мектептің қоғамдық бірлестіктерімен, басқа да ұйымдармен, ата-аналармен жұмыс байланысы, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметі туралы қатысушыларға мол мәліметтер берді

Тәжірибе алмасу мақсатында мектепішілік басқару жұмыстарын заманауи жүргізу, жоспарлау, оқыту, бақылау, бағалау және «Z» ұрпақтарын оқытуды талдау барысындағы жаңа педагогикалық тәсілдер анықталды. Сондай-ақ, білікті ұстаздар өз пәні сабақтарында ұйымдастыру кезеңін, үй жұмысын тексеру, өткенді пысықтау және қорытынды шығару бөліктері сияқты құрылымдарын кеңінен ашып, сабақтарын жоғары деңгейде көрсете алды. Семинар жұмысының мазмұны біз үшін теория мен практикаға ұштастырылған нәтежиелі жұмыс болды.

(2) Пікірлер

  • Райхан 28.04.2022 @ 07:02

    Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 130 гимназиясында Республикалық семинар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауқымды мәселелерді қамтыды. Танымдық-тәлімдік мәні зор іс-шараға Республика бойынша директорлар мен оқу ісі орынбасарлары қатысып, үйренері мен алары көп семинар болғанын атап өтті.

  • Огай Наталья Валерьевна 28.04.2022 @ 07:06

    Любая организация образования в нашей стране имеет свою индивидуальность, имеет свой стиль работы и достижения. Работа республиканского семинара, который проходил 20 апреля 2022 года в КГУ “Гимназия 130 им.И.Жансугурова” г.Алматы, оказалась успешной. По моему мнению, успешность и эффективность семинар получил благодаря качественной подготовке и планированию, слаженной деятельности всех структур нашей образовательной системы: руководству РИПКСО “Орлеу” , команды управленцев и педагогическому коллективу Гимнащии 130. Участники семинара ознакомились с основными направлениями учебно-воспитательного процесса гимназии, увидели на практике применение учителями разнообразных педагогических технологий, средств и методов обучения. Широкий обмен опытом знаний и умений между организациями образования разного уровня , я думаю, будет способствовать нашей образовательной системе выйти на качественно новый уровень обучения молодого поколения.

Пікірлер жабық.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар