Біріктірілген мектеп – мінсіз білім кепілі

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы Алжан Букарбайқызы атындағы Қазақ жалпы білім беретін мектебінің базасында түрлі өңірлерден келген білім беру ұйымдары басшыларына арналған “Біріктірілген мектеп – мінсіз білім кепілі” тақырыбында семинар өтті. Семинарды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары мектеп директоры Катубаева Гаухар Жартасбайқызы, Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушылары Тен Алира Сунтаковна, Жартынова Жанар Алибековна және педагогикалық ұжымның басшылығымен өтті.

Семинардың мақсаты – сапалы білім мен тәрбиені басқару тәжірибесімен алмасу. Семинар барысында оқушылардың оқу, зерттеу және шығармашылық жұмыстары, білім сапасын жақсарту үшін білім беру үдерісінде мұғалімдер қолданатын заманауи педагогикалық технологиялары таныстырылды.

Алжан Букарбайқызы атындағы мектептің жетістігі Алматы қаласындағы серіктестік білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарының бірігуінде, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда және үйлесімді әрі жан-жақты тұлғаны тәрбиелеуде болып табылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар