Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Кәсіби даму институты «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты жыл сайынғы бейнесабақтар мен бейнедәрістер Республикалық конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.
Республика өңірлерінен қатысатын педагогтер санаты мен өтіліне қарамастан мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және қосымша білім берудің өзекті тақырыптары бойынша инновациялық идеяларды ұсынады, сондай-ақ өздерінің АКТ-құзыреттерін меңгеру деңгейін көрсете алады.
Барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №232 бұйрығына сәйкес біліктілікті тағайындау аттестаттауы кезінде ескерілетін сертификаттар беріледі.
Қатысу үшін https://ppi.orleu-edu.kz сілтемесі бойынша өтіп, өтініш беріледі. Конкурсқа жеке өзіңіз немесе әріптестеріңізбен бірлесе қатыса аласыз. Әр бейнесабақ үшін жеке форманы толтыру қажет. Басқа конкурстарда пайдаланылмаған және Желіде жарияланбаған бейнесабақтар мен бейнедәрістер қабылданады.
Бұл конкурс әрбір қазақстандық педагогтің кәсіби шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі білім беру педагогінен бастап, ЖОО оқытушысына дейін, жас маман мен еңбек сіңірген білім беру қызметкерлері мен қатардағы тәжірибелі мұғалімдер конкурсқа қатысып, жеңімпаз атануға жол ашылады.
ҚАТЫСЫҢЫЗДАР! ЖЕҢІМПАЗ БОЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!

- 04 Май
- 2022