Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған нейробика элементтері бар ойын жаттығулары 

Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуына арналған көптеген бағдарламалар бар. Педагогтер өз тәжірибелерін жетілдіру мақсатында заманауи әдістер мен тәсілдерді ізденуде.  Осындай әдістердің бірі – нейробика. Бала үшін қозғалыс арқылы заттық-кеңістіктік ортада іс-әрекет пен танымға итермелейтін маңызды әдіс. Мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» курсының тыңдаушылары тәжірибелік сабақтарда замануи ойын түрлерімен танысуда. «Көзді жұмып», «Дыбыссыз теледидар», «Жұмыс қолын ауыстыру», «Жанасу», «Стандартты емес жауап» және т.б. жаттығуларды жасау балалардың зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін дамытуға, кеңістікте бағдарлануға, белсенділікті, байқағыштықты жаттықтыруға бағытталған. Алдағы уақытта мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары (меңгерушілері), әдіскерлері, тәрбиешілеріне арналған семинарлар, шеберлік сыныптар, тренингтер жоспарлануда.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар