«Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен 11 мамырда бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстары ашылып, оқыту жұмыстары басталды.
Курстардың тақырыптық бағыттары:
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған: «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру». Тренері – Дуйсембинова Бахыт Сериковна.
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған: «Математика мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту». Тренері – Боранбаева Ляйля Каирбековна.
Қазақ тілді мектептердегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілектерін дамыту». Тренері – Ғалымжанова Фариза Баққалиқазы.
Курстар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып оларды бағалаудың технологиясы бойынша өзінің кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады.