Тәжірибе арқылы оқыту

Бүгін “Өрлеу” БАҰО “АҚ филиалдардың профессорлық-оқытушылық құрамына EdCrunch Academy командасы өткізетін “Практика арқылы оқыту ” курсында backwards design біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасын жобалау моделін және дидактикалық дизайнды игеруге бірегей мүмкіндік берді. Ақтөбе филиалынан институт директорының орынбасары, магистр Трнабаева Н., каф.меңгерушісі, п. ғ. к., Давлеткалиева Е., аға оқытушы , магистр Сүлейменова С. қатысты.

Педагог-тренерлерді оқыту үшін барлық кезеңдерде оқытуды сүйемелдейтін Ресей, Қазақстан, Ұлыбритания, Нидерландыдан педагогикалық дизайн, неврология, әдіснама саласындағы жетекші сарапшы-практиктер тартылғанын атап өту маңызды.

Екі ай бойы жаттықтырушылар өз тәжірибелерін жүйелеп, бағдарламаны өздері үшін жаңа форматта жобалауға арналған кең құралдарды игере алады. Нәтижесінде түрлі пәндер бойынша 24 білім беру бағдарламасы мен ОӘК әзірленетін болады.Ұйымдастырушыларға оқу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз!

Біз бұл оқыту бағдарламасы педагогтердің бойында берік білім жүйесін қалыптастыратынына, педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын және бағдарламаларға оқу-әдістемелік кешендерді жобалау бойынша жеке құзыреттерін жетілдіретініне сенімдіміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар