Республикалық байқау жалғасын табуда

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауына қатысуға өтініш берген мұғалімдер саны артып келеді.  Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Шу ауданы А.С. Макаренко атындағы орта мектептің базасында бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің Байқауы бойынша әдістемелік кеңес өтті. Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Избасаров Ербол әдістемелік кеңеске қатысқан мұғалімдерге Байқаудың мақсаты мен шарттарын түсіндірді. Талқылау кезінде пән мұғалімдеріне байқауға ұсынылатын бейнеөнімдер сценарийінің нұсқалары, пайдаланылатын әдістемелік тәсілдер мен технологияларының сипаттамасы ұсынылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар