2022 жылдың мамыр айының 13 жұлдызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Қармақшы ауданы, Ақжар ауылындағы №28 орта мектеп базасында КСРО білім саласының ардагері С.Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада болып өтті. Республикалық олимпидаға Түркістан облысы бойынша №12 М.Тасова атындағы Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп интернатының 10 сынып оқушысы Лесбек Айжан Қуанышқызы мен Мақтаарал ауданы, №48 Б.Соқпақбаев атындағы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Әбсұлтан Қалижан Нұралиұлы қатысты. Республикалық олимпиада 3 кезеңнен өтті. І турда қатысушылар Google Форма арқылы жасалған тестке онлайн жауап беріп ІІ турға қатысты. 2 турдың қорытындысы бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап берген 4 оқушы ақтық турға жолдама алды. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, №48 Б.Соқпақбаев атындағы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Әбсұлтан Қалижан Нұралиұлы ақтық турға өтіп, ұпай қорытындысы бойынша ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталып, жүлдегер атанды. Әбсұлтан Қалижан Нұралиұлын, оны олимпиадаға дайындаған тарих пәні мұғалімі Қалдыбаева Замира Абдикадировнаны жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбегіңіз жана берсін! «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Матекова Б.


