Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында көптілді оқыту және тәрбиелеу әдістемесі бойынша ЕҚЫҰ ММК-мен бірлескен жобаны іске асыру шеңберінде 10 пилоттық алаң жұмыс істейді.
Жақында халықаралық сарапшылар – Стоянова Атанасия Петровна, Гүлназ Саирова және Өрлеу-Алматы кәсіби даму институтының аға оқытушысы, халықаралық жаттықтырушы Виктория Кайдакова, қалалық әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Гүлбану Кәкенқызы № 34 балабақша базасындағы өткен ашық сабаққа қатысты. Тілдік үйірме бағдарламаның барлық талаптары бойынша ұйымдастырылып, өткізілді және сарапшылар тарапынан жоғары баға алды. Балалар жоғары тілдік дайындықтытарын көрсетті – ауа райын екінші тілде еркін талқылады, ойындарға қатысты, пікірлерін тұтас сөйлемдермен құрастырды. Барлық қатысушылар тәрбиеші Нустанбаева Бахтыгул Сатыбалдиевнаның жүйелі, жемісті жұмысын, меңгеруші Мұстапаева Гүлдан Төлегенқызының, әдіскер Абдулова Меруерт Молдағалиқызының Бахтыгул Сатыбалдиевнның бастамалары мен кәсіби өсуіне жан-жақты қолдау көрсеткенін атап өтті.
Сабақтан кейін жобаға қатысушы ұйымдардың проблемалары мен қажеттіліктері талқыланды. Іс-шараға қалалық әдістемелік кабинет мамандары, №34 балабақша меңгерушісі, №152, №125, №131, №34 балабақшалардың әдіскерлері және «Өрлеу» – Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының қызметкері талқылауға қатысып, тұжырымды ой-пікірлерімен бөлісті.
COVID кезіндегі карантинге байланысты тежелген пилоттық ұйымдардың жұмысын дамыту үшін жоспарлар жасалды.