Жеке баламен жұмыс әдістемесі

Үстіміздегі жылдың  23 мамыр күні  «Меркі ведомствоаралық психологиялық медициналық педагогикалық консультациялық мекемесі» базасында Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Кошкинбаева Жанар «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жеке жұмысты жоспарлау» тақырыбында  әдістемелік көшпелі тәжірибелік семинар өткізді. Жұмыс барысында ПМПК мамандары – психологтар, логопедтер, дефектологтар, невропатологтар өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдерге ЕБҚ бар балалармен жұмыста жеке тапсырмалар дайындау және психологиялық қолдау жасаудың тиімді әдістерін жүзеге асыру ұсынылды. Жұмыс барысында педагогтер кері байланыс жасап, барлық сұрақтарына жауап алды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар