Педагогтер тарапынан “Мұғалімге әдістемелік басылымдардың қандай түрлерін шығаруға болады? Барлық ерекшеліктерді ескеріп, оны сұранысқа ие ету үшін қалай жазуға болады?» деген сұрақтар жиі қойылады.
2022 жылы 19 мамырда онлайн форматта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша “Өрлеу” Кәсіби даму институты ТжКБ ұйымдарының жас педагогтеріне арналған «Оқу-әдістемелік басылымдарды құрастыру және рәсімдеу» атты оқыту вебинар өтті.
Вебинар барысында тыңдаушылар оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеу алгоритмінің типтерімен, түрлерімен, жазу кезеңдерімен, талаптарымен танысып, басылымдар арасындағы айырмашылықтарды анықтады.
Вебинарды әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының меңгерушісі Кусаинова А.Т. өткізді.

- 20 Май
- 2022