Жамбыл облысында жаңа Оқушылар сарайының ашылуы өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Жамбыл облысының тұрғындары көптен күткен оқиғаның куәсі болды – жаңа әрі зәулім Оқушылар сарайы балаларға есігін айқара ашты. Оқушылар сарайының ашылуына «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Жамбыл облысы бойынша КДИ өкілдері қатысты. Білім беру ұйымдарының түлектері 4К моделінің икемді дағдылары мен құзыреттеріне ие болуы тиіс. Қосымша білім беруде қолданылатын оқыту нысандары, әдістері мен тәсілдері арқылы білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен креативті ойлауын дамытуға болады. Оқушылар сарайы Жастарға өз таланттарын барлық қырынан ашуға, шығармашылықта, ғылым мен спортта тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар