Ағымдағы жылдың 27 мамырында Жизақ политехникалық институтында «Әйелдердің ғылым, білім, мәдениет және инновациялық технологиялар саласындағы жетістіктері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға республиканың жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Халықаралық конференция жұмысына Жамбыл облысы бойынша КДИ директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары, п.ғ.к., қауымдық профессор Тайғанбекова Шынар қатысып, «Әртүрлі функционалдық мәтіндерде мағыналық оқудың технологиялық карталары» тақырыбында баяндама жасады. Конференция ұйымдастырушылары мен қонақтары баяндаманың мазмұндылығына жоғары баға берді.
