2022 жылдың 27 мамырында Төлеби аудандық әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қарлығаш» бөбекжай бақшасында «Этнопедагогиканың негізгі идеялары және оларды мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Төрт кезеңнен өткен іс шараға тәжірибе алмасу мақсатында 40-тан астам педагог қатысты.Алғы сөзде «Қарлығаш» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Э. Буркитбаева мектеп жасына дейінгі балаларға этнопедагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бақшада оқу-тәрбие процесін сабақтар мен тәрбие жұмыстарының мазмұнын жетілдіру қажеттігінің дәлелі ретінде баяндап берді. Семинар бақшаның педагог-психологы М.Амирбекова ұйымдастырған тренингпен жалғасты. Тәжірибелік бөлімде түрлі топта қызмет етіп жүрген тәрбиешілер: З.Оралбаева, А.Суленова, Г.Бекишева, Б.Шалғынбаева, З.Мырзакуловалар әзірлеген авторлық вариативтік оқу бағдарламалары бойынша оқу қызметтерін ұсынды. Үшінші бөлімде сөз кезегін бөбекжай бақшасының әдіскері Қ.Тасымбекова «Педагогтердің вариативтік бөлім бойынша авторлық бағдарламалары арқылы балаларды ұлттық құндылықтарға баулу» тақырыбында семинар сабақ өткізді. Оқу қызметтерін көрсеткен педагогтер аудандардан келген қатысушылармен шебер сынып ұйымдастырып, ұлттық мәдениет пен дәстурлер арқылы рухани- адамгершілік құндылықтар негізінде балалардың бойында жеке қасиеттерін қалыптастыруда тиімді жолдарын ұсына білді.Семинар шенберінде курсаралық сүйемелдеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында ТО «Өрлеу» кәсіби даму институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Х.А.Қалиева «Балабақшада қазақ этнопедагогикасын пайдалану іс-тәжірибесі» тақырыбында дөнгелек үстел өткізді. Іс-шарада қатысушылар қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымыздан ажырап қалмас үшін балабақшадан бастап қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын балалардың бойына сіңіру мәселесінің геймификациялау арқылы енгізу өажеттігін атап, кері байланыс арқылы құнды пікірлер айтты.








