Жалпы білім беретін мектептегі педагог – ассистент қызметінің мазмұны

«Өрлеу» БАҰО» Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты «Жалпы білім беретін мектептегі педагог – ассистент қызметінің мазмұны» атты облыстық семинар – практикум өткізді. Практикаға бағытталған семинарда білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттермен және арнайы педагогтармен инклюзивтік кеңістікті құрастырудың тиімді тәжірибесі таратылды. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің теориялық және практикалық негіздері көрсетілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар