Ақпан айының 16-жұлдызында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Павлодар және Түркістан облыстары және Шымкент қаласы филиалдарының оқытушылар құрамымен 2022 жылға арналған серіктестік өзара іс-қимыл жоспарын талқылауға арналған онлайн кездесуі ұйымдастырылды.

🤝Кездесу барысында екі жақтың оқытушылар құрамы филиалдардың құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттесу схемасын әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс барысын талқылады. Алдағы уақытта олар оқытушылық шеберлік деңгейін бағалау критерийлері бойынша онлайн әдістемелік сағаттар, оқыту мәселелерін талқылауға арналған чаттар және тәжірибе алмасу үшін филиалдардың оқытушылар құрамын материалдарының деректер банкін, әзірленген бағдарламаларды талқылау бойынша фокус-топтарды ұйымдастыру арқылы тәжірибе алмаспақ.

🤝Бұл іс-әрекет тренерлерге мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыс деңгейін жоғарылауға өз септігін тигізетін сөзсіз. Оңтүстік пен Павлодар облыстары филиалдарының оқытушыларына білім ізіндегі, ағарту ісіндегі еңбектеріне жетістік пен қажымас қайрат тілейміз.
