Өндірістік оқыту шеберлерінің, ТжКБ арнайы пәндер оқытушыларының қызметін ұйымдастырушылық-педагогикалық қамтамасыз ету

“Ақтөбе-Өрлеу” онлайн алаңында тренер Ж.Т. Ходжаниязова “Өндірістік оқыту шеберлерінің, ТжКБ арнайы пәндер оқытушыларының қызметін ұйымдастырушылық-педагогикалық қамтамасыз ету”тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты: педагогикалық шеберлікті арттыру құралы ретінде колледж оқытушысын зерттеу қызметіне даярлауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлардың жиынтығын анықтау.
Жұмыс барысында әдістемелік қызмет мұғалімін дайындау процесінің мәні ашылды, оның оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберлігін арттыруға әсер ету шарттары анықталды,
Педагогтің кәсіби мәселелерін шешуде және олардың практикалық қызметінде әдістемелік көмек көрсетілді.
логикалық материал құру қабілетін қалыптастыру
Семинардың практикалық бөлімінде семинарға қатысушылар ғылым, техника және өндіріс жетістіктерін ескере отырып, оқу пәнін зерделеудің мазмұнын жүйелеумен және ұйымдастырумен танысты, дербес оқу жұмысын тиімді жоспарлады және ұйымдастырды .
Семинар мақсатына жетті, қатысушылар тренерге сындарлы диалог үшін алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар