2022 жылдың 17 маусымындабіліктілікті арттыру курсы аясында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушылары Жартынова Ж.А. мен Комекова С.О. ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №184 жалпы білім беретін мектеп базасында білім беру ұйымдары басшылары мен орынбасарларына арналған «Орта білім беру ұйымдарын инвестициялық тұрғыдан басқару: маркетингтік, стратегиялық және тактикалық жоспарлау» және «Цифрлық трансформациялаулау жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану» тақырыптарында семинар өтті.
Семинардың мақсаты жан басына шаққандағы қаржыландыру жағдайында басшылардың инвестициялық және басқарушылық шешімдерді қабылдауда белсенді және инновациялық әдістерді қолданудағы тәжірибелін зерделеу, ой-пікір алмасу.
Тәжірибе алмасу мақсатында аталмыш мектептің директоры Оразбек Қ.Ж. жалпы мектеп ұжымының жетістіктерімен таныстырып, қала мектептерінің барлығы жаппай жан басына қатысты қаржыландыруға өткендігін, білім ошақтары арасында бәсекелестіктің артқандығын, әрбір мектеп жеке капитал тартуға бағытталғандығын, әлемдегі қаржыландырудың басым бөлігі сұраныс негізінде жүргізілетінін, яғни мектептегі қаржыландыру көлемі оқушылар санына байланысты екендігін нақты ашып көрсетті.
Сондай-ақ мектеп мұғалімдері Исабекова А., Краубаева Г., Малахова Е., Ергеш С., Таубаева Ф. өз пәндері бойынша оқу-тәрбие үдерісіндегі пайдаланып жатқан цифрлық технологиялар мен жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Іс-шара заманауи білім беру саласында басшыларды толғандырып жүрген көптеген мәселелердің шешімін табуға көмектесті. Мектеп басшылары мен орынбасарлары белсенділік танытып қана қоймай, тың идеялары мен жұмыстарын ортаға сала білді.




(1) Пікір
Пікірлер жабық.