Білім беруді цифрландыру жағдайында заманауи сабақты жобалау

2022 жылдың 20 маусымында Өрлеу ББЖҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Сабиханова А.К. орта білім беру ұйымдары басшыларына арналған «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» курсы аясында «Білім беруді цифрландыру жағдайында заманауи сабақты жобалау» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырды.

Семинар-практикумның мақсаты заманауи басшы ретінде оқу үдерісіне цифрландыру жағдайындағы жобалау мәселелерін талқылау және зерделеу, тиімділіктерін анықтау. Іс-шара Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «М.Ломоносов атындағы №2 орта мектебі» КММ базасында аудан бойынша орта білім беру ұйымдары басшылары қатысты. Семинар-практикум жоғары деңгейде өткізіліп аталмыш тақырып бойынша кең талқыланып, сындарлы кері байланыс берілді.  

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар