STEM – болашақтың білімі

2022 жылдың 8 маусымында СҚО-Өрлеу-де  «Ауыл мектебі – елдің бесігі» Республикалық жобасы аясында Маңғыстау облысы бойынша филиалымен бірлесіп «STEM-оқыту: теориядан практикаға» тақырыбында вебинар өткізілді. 

Вебинар жұмысына 96 педагог қатысты (оның ішінде 82 ауыл мектептерінен). 

 Білім беру процесінде жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, техникалық шығармашылық және математиканы қамтитын STEM-оқыту қарқыны артып келеді. Техникалық бағыттар бойынша мамандарға сұраныс жыл сайын артып келеді, сондықтан білім берудің бұл түрі өзекті болып табылады.

Вебинар барысында қатысушылар STEM-технология негізінде оқушылардың жобалау–зерттеу қызметін ұйымдастыруға, робототехниканың көмегімен ғылыми және шығармашылық қызметке қабілеттерін дамытуға қатысты мәселелерді қарастырып, талқылады.

STEM – оқытудың пәндер бойынша емес, «тақырыптар» бойынша интеграцияланған оқыту, техникалық пәндерге қызығушылықты дамыту, белсенді қарым-қатынас және командалық жұмыс, нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдану,сыни ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту, өмірдің технологиялық инновацияларына дайындық сияқты ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.

Вебинар аясында «STEAM көмегімен Мета-пән нәтижелерін қалыптастырудың педагогикалық тәжірибесі» атты мастер-класс өткізілді.

Вебинар өткізу білім беру процесіне Stem – технологиясын енгізуге педагог қызметкерлердің белсенді уәждемесіне ықпал етті, бұл ғылымды, технологияны, инженерлік өнерді және математиканы интеграциялап оқытуға мүмкіндік береді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар