“Өрлеу” Қостанай филиалы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарлаған біліктілікті арттыру курстарының циклы сәтті аяқталды, оның аясында облыстың 900-ден астам педагог өз біліктілігін арттыра алды. Білім беру бағдарламаларының аясы айтарлықтай кең болды, бұл әртүрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогтерін оқытумен қамтуға мүмкіндік берді. Орыс, қазақ, ағылшын тілдері, география, биология, математика, информатика пәндерінің мұғалімдері, әлеуметтік педагогтер, алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы оқытушылар және басқа да санаттағы педагогтер өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін кеңейте алды. Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері, шағын жинақты мектеп мұғалімдері, кітапханашылар, директорлардың тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары да назардан тыс қалған жоқ.
Барлық оқытушылар мен тыңдаушыларды курстың аяқталуымен құттықтаймыз, оларға жақсы демалыс пен жаңа оқу жылында кәсіби жетістікер тілейміз!