
“Өрлеу” Қостанай филиалында “Педагогическая наука и практика”республикалық ғылыми-әдістемелік журналының кезекті нөмірі шықты.
Жаңа басылымның “Білім берудің философиялық, әдіснамалық мәселелері” айдарында авторлар белгілі мұғалім-ұстаз және қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің мұрасын қайта түсіндіреді, педагогикалық қарым-қатынастарды құрудағы коммуникацияның мәдениеттану, эмоционалдық және когнитивтік аспектілерін зерттейді, жасөспірім кезіндегі креативтіліктің даму ерекшеліктерін анықтайды, тәлімгерлік тақырыбын көтереді.
“Білім берудің теориясы мен технологиясы” айдарының мақалалары білім берудегі құзыреттілік тәсіл мәселелеріне, оқытудың белсенді әдістері мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктеріне, өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне, оқыту мен бағалаудағы сараланған тәсіліне арналады.
Сонымен қатар, журналда инклюзивті білім берудегі инновациялық тәсілдердің ерекшеліктері және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.
Шығарылыммен сілтеме бойынша танысуға болады https://library.orleu-edu.kz/?filter_book-author=ipk_kostanay&product_cat=nauka-1