Мемлекеттік сатып алу және есеп айырысу бухгалтериясы бойынша қаржы бөлімінің бас маманы
Архив
Қызылорда бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты мемлекеттік сатып алу және есеп айырысу бухгалтериясы бойынша қаржы бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық (әсіресе мемлекеттік сатып алу және есеп айырысу бухгалтериясы бойынша), аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында соңғы екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Біліктілік талаптары: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында соңғы екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Білуге тиіс:
– ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Бюджеттік кодексі, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, ҚР «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілерін;
– бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау жөніндегі әдістемелік материалдар, бухгалтерлік есептің және ұйымдағы шаруашылық қызметті талдаудың нысандары мен әдістері, мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жоспардың жобаларын жасау, сатып алу жоспарына өзгерістер немесе толықтырулар енгізуін;
– қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, экономика негіздерін, құжаттық тексерулер мен тексерулер жүргізу тәртібін;
– ағымдағы түзетулер кезінде, сондай-ақ сатып алуға жоспарланған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағалары мен тарифтерін төмендету кезінде филиалдың бекітілген жоспарлары мен бюджеті шеңберінде мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығы, тауарлар номенклатурасына, жұмыстар мен қызметтер түрлеріне, бағалар мен тарифтерге, сатып алу көлемдері мен тәсілдеріне түзетудің дұрыстығын;
– филиалдың ресми веб-сайтында орналастырылған негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжаттық ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін, «Сатып алу» бөлімін жүргізу және әкімшілендіруін;
– шоттардың жоспары мен байланыстырылуы, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауының, санының және сатып алу туралы шарт сомасының сатып алу жоспарына сәйкестігін бақылауды, сатып алу жоспарына сәйкестігі мәніне тендерлер мен баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алу филиалына келіп түсетін өтінімдерді бақылауды жүзеге асыруды;
– қаржы, шаруашылық, салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері;
– экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, шаруашылық жүргізу әдістері, есептеу техникасын пайдалану қағидалары;
– ішкі еңбек тәртіп, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптары.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
- фотосурет (3×4 форматы)/ немесе оның электрондық форматы;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- мекенжай анықтамасы;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар (жұмыс орны бойынша кадр қызметтері немесе нотариуста растаған білімі, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың, еңбек кітапшасының көшірмелері). Ескертпе: кандидаттың құжаттардың түпнұсқасын жеке өзі ұсынған жағдайда көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
- белгіленген нысандағы медициналық анықтама (Ф 086);
- қылмыстық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- әскери міндеттілер әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары конкурсқа келгеннен кейін ұсынылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2022 жылғы 16 тамызға дейін мына мекенжайға жіберілуі тиіс:
120001, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2;
Анықтама үшін телефондар: 8 (7242) 27-62-86, 27-76-51;
Электрондық мекенжай: kyzylordaipk@orleu-edu.kz, ipkit_korda2004@mail.ru
Байқау 2022 жылдың 17 тамызда өтеді.