Қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімі бас бухгалтерінің орынбасары
Архив
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы Қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімі бас бухгалтерінің орынбасары уақытша (2024 жылдың 11 қаңтарына дейін) лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары жәнем(немесе) жоғары оқу орнынанм кейінгі білім және бухгалтерлік, экономикалық қаржылық, аудиторлық бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларындағы жұмыс өтілі соңғы үш жылдан кем емес. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекетік сатып алу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептелікті жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты жоғары тұрған, қаржы және бақылау-тексеру органдарының әдістемелік және басқа да материалдарын, азаматтық құқықты, қаржы, салық, әкімшілік-шаруашылық заңнаманы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама негіздерін, ұйымның құрылымын, стратегиясын және оның даму перспективаларын, ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды, оның жүргізу ережелерін, алу учаскелері бойынша операцияларды ресімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібін, қаржылық есеп айырысу нысандары мен тәртібін, ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін экономикалық талдау, шаруашылық ішіндегі резервтердіанықтау әдістерін, ақша қаражатын, тауар-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібін, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу ережесін, заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да ысыраптарды есептен шығару тәртібін, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу қағидаларын, бухгалтерлік теңгерімдер мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін, тексерулер мен құжаттамалық тексерулер жүргізу қағидаларын, замануи есептеу техника құралдарын және оларды есепке алу-есептеу жұмыстарын орындау, ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар туралы заңдарды білуі керек.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
– түсті фотосуреті бар түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 24.02.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mandystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87012628616, 87754889370
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 27 ақпанына сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы қызметіне конкурс жариялайды (уақытша болмаған қызметкер орнына) – 0,5 бірлік
Архив
“Өрлеу” по Жамбылской области
Posted 3 года ago