Информатика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту

1-12 тамыз аралығында Алматы қаласының 25 мұғалімі ҚазҰПУ информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Шармұханбет, Абай, PhD жетекшілігімен “10-11 сынып курсы үшін күрделі тақырыптарды игеруде информатика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту” курсын тыңдады.

Оқуды бастамас бұрын барлық курс тыңдаушылары LMS платформасында диагостикалық және соңында қорытынды тесттен өтті. Курстың барлық тыңдаушылары қорытынды тесттен қанағаттанарлық деңгейде өткендігін атап өткен жөн.

Бұл курстың бағдарламалары мен оқу әдістемелік кешенін «EdCrunch Academy» заманауи білім беруді дамыту институтында «Тәжірибе арқылы оқыту» семинар бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлеміндегі оқуға қатысқан «Өрлеудің» 70-тен аса филиал тренерлері жасады. Бағдарламалар арнайы эксперттердің бағалауынан өтіп, ОӘК әзірленгені туралы алдыңғы ақпараттарда атап өткенбіз.

Курс аясында өзекті тақырыптар қарастырылды, өйткені болашақ информатика мұғалімін даярлаудың негізгі бағыттарының бірі оның пәндік білімнің технологиялары мен әдістерін игеру болып табылады.

Курс болашақ мұғалімнің білім беру іс-әрекетіндегі векторды өзгертуге ғана емес, оны белгілі бір пәндік саланы зерттеу объектілерінен пәнге, оның дамуы мен өзін-өзі дамытуға ауыстыруға бағытталған”.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар