Ғылым, инновациялар және талдау департаментінің бас маманы
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ғылым, инновациялар және талдау департаментінің бас маманы
бос лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде үш жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру, В2 деңгейінен төмен емес ағылшын тілін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, біліктілікті арттыру, оқыту және білім беру саласын, педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
Негізгі міндеттері:
- ;
- ;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу, инновациялық, мониторингтік қызмет жөніндегі жұмысын үйлестіру;
- Қоғамның ғылыми-зерттеу, инновациялық, мониторингтік қызметіне қатысты Басқарма бұйрықтарының, шешімдерін орындау;
- ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызметті ұйымдастыру, оның даму перспективаларын айқындау, қойылған міндеттерді шешу жолдарын таңдау;
- Қоғамның жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызмет бойынша перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу;
- Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызметі есептілігінің нысанын әзірлеуге қатысу;
- Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызметі мәселелері бойынша талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар үшін материалдар дайындау;
- сұратылып отырған нысан бойынша Қоғам филиалдарының ағымдағы жылғы қызметі туралы жартыжылдық және жылдық талдамалық есеп (кестелермен, слайдтармен, диаграммалармен) үшін материалдар дайындау;
- Қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік-құқықтық, әдістемелік, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық құжаттаманы талдау;
- филиалдардың мамандарына ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету;
- халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық ғылыми-тәжірибелік симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды бетпе-бет/онлайн ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысу;
- білім беру, оның ішінде кәсіптік даму саласындағы қазақстандық және халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысу;
- Қоғамның ғылыми-зерттеу жобалары шеңберінде, сондай-ақ Қоғам атынан өткізілетін сырттай қаржыландырылатын жобалар мен конкурстардың дизайнын әзірлеу және далалық зерттеулер мен эмпирикалық деректер жинау;
- Қоғам ұсынатын білім беру қызметтеріне мониторингтік зерттеулер жүргізу үшін әдіснамалар мен құралдарды әзірлеу; Қоғам филиалдарының курстық және курстан кейінгі қызметіне мониторинг жүргізу жүйесін құру және тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті өлшемдер мен әдістерді жетілдіру;
- облыстардағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру (қызметті мониторингтік зерттеу нәтижелері);
- кәсіби қиындықтар мен қажеттіліктерді талдау негізінде кәсіби даму саласындағы педагогтердің қажеттіліктері бойынша ұсыныстар дайындау;
- ҚР Білім министрлігі, басқа да қазақстандық және халықаралық ұйымдар қаржыландыратын ғылыми конкурстарға өтінімдер беру барысында басшы ретінде әрекет ету, Қоғам филиалдарының біліктілікті арттыру саласындағы халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысуына жәрдемдесу;
- Қоғамның ресми сайтында департаменттің материалдарын жүргізуге және жүйелеуге жауап беру;
- жоспарлы жұмыстардың тиімді және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- Ғылым, инновациялар және талдау департаментінің директоры уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін орындау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
- жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
- келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;
- атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша Қоғамның жұмыс топтарының, комиссияларының жұмысына, сондай-ақ кеңестеріне қатысу;
- мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;
- адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;
- жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;
- жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
- еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
- Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;
- атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 22.08.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 24 тамызында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.