Өз пәнін жетік меңгеруге ниетті педагогтер үшін негізгі пәндерден терең білім беріп, ондағы күрделі тақырыптарды меңгертуге ең өзекті ақпараттармен алмасып, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін біліктілікті арттыру курстары жалғасуда. Курс тыңдаушылары алғашқы күні диагностикалық тестілеуден өтеді, курс соңында қорытынды тестілеу өткізіліп, нәтижесінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттар беріледі. Жамбыл-Өрлеу басшылығы тыңдаушыларға курстардың тиімділігін, сұраныстарын қанағаттандыру сапасын анықтау үшін өзара байланыста үнемі біліктілікті арттыру курстары сабақтарына қатысады.

