Оқырманның функционалдық сауаттылығы

Ағымдағы жылдың 19 тамызында мектеп кітапханашылары үшін оқырмандардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған онлайн форматта Тамыз кеңесі отырысы өтті. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен “Оқушылардың функционалдық оқу және ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының рөлі” тақырыбындағы секция отырысында оқушылардың функционалдық сауаттылығы, мазмұнды оқуға көшу, мектеп кітапханасының инновациялық жұмыс формасы сияқты бірқатар мәселелер талқыланды. “Жамбыл-Өрлеу” тарапынан кітапхана ісі бойынша бас маман И. Грицинина Workshop ұйымдастырды. Спикер көзделген түп нәтижеге қолжетімді болу үшін әлеуметтік желілерде ақпараттық блоктарды ұйымдастыру мен жүргізудің интербелсенді әдістерін құрастыру қажеттігін, кітапхана жұмысын жандандыруда инновациялық тәсілдерді қолдануға басымдық берілуін жеткізді. Ақпараттық материалдар алдағы уақытта мектеп кітапханашыларына жұмыс барысында қолдануға ұсынылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар