Ағымдағы жылдың 16 тамыз күні педагог қызметкерлердің Республикалық тамыз кеңесі аясында «Өрлеу»-Ақтөбе алаңында “Ағылшын тілін оқытудың тиімді стратегиялары: bring spring into your class” тақырыбында панельдік секция өткізілді, оның модераторлары “Өрлеу “БАҰО” АҚ «Білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі қолдау» департаментінің өкілдері Н.Ж.Сүлейменова, К.К.Тлеужанов болды. Пленарлық отырысына Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Л.Ч.Қарабасова, Британ Кеңесінің ағылшын тілі бойынша бағдарламалар менеджері А.Ш.Бектурова, Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Л.Бертлеуова және т. б. қатысты.
Аталған тақырып пен іс-шара ағылшын тілі мұғалімдерінің орасан зор педагогикалық еңбегінің нәтижесі болды, олар Оқу-ағарту Министрлігімен, Британдық Кеңеспен және «Өрлеу» Орталық аппаратының басшылығымен ағылшын тілі оқытушылары Қауымдастығымен бірлескен жобаларда көрініс тапты.
Панельдік секция бағдарламасы білім беру саласының басшылары мен пән мұғалімдерінің, халықаралық білім беру бағдарламалары, оқытудың шетелдік әдістемесі және кәсіби біліктілікті арттыру бойынша шетелдік тағылымдамалар саласында тәжірибелі педагогтердің сөз сөйлеуімен басталды. Олардың арасында шетелдік тағылымдамалардың, ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту мен оқытудың халықаралық бағдарламаларының қорытындылары бойынша баяндамашылар ұсынған бастауыш педагогикалық білім беру, ісін жаңа бастаған мұғалімнің педагогикалық практикасындағы кедергілерді еңсеру, тәлімгер мен білім алушы арасында тиімді қарым – қатынас орнату мен дамыту, жаңа технологиялар мен әлеуметтік желілер, жеке және кәсіби даму және т.б. тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды.
Әріптестерімізге ынтымақтастық үшін, кәсіби даму ісінде сенім білдіргені және бүгінгі секциялық жұмыс аясында ағылшын тілін оқыту тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс білдіреміз. Сіздерге шығармашылық табыс және жаңа перспективалық жобалар тілейміз!Өрлеу открыт к сотрудничеству и диалогу!











