Білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі қолдау департаменті директорының орынбасары
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі қолдау департаменті директорының орынбасары лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде төрт жыл, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесімен немесе философия докторы (PhD) дәрежесімен педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, біліктілікті арттыру, оқыту және білім беру саласын, педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
Негізгі міндеттері:
- ;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының тапсырмаларын орындау;
- ;
- Департамент жұмыскерлерінің тапсырмаларды орындауына бақылау жасау;
- құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асырылуын қамтамасыз етуге қатысу;
- мемлекеттік органдармен және ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Қоғамның әдістемелік жұмысын перспективалық дамыту жоспарын әзірлеу және іске асыру процесіне басшылық ету;
- оқыту мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын айқындауда Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамына кеңес беру;
- Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамын кәсіби дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- педагогтерді курстан кейін қолдау және білім беру бағдарламаларын әзірлеудің қазақстандық және халықаралық инновациялық тәжірибесіне шолу және талдау бойынша қызметкерлердің қызметін үйлестіру;
- білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, жаңарту және бекіту процесін үйлестіру;
- курстан кейінгі қолдауды іске асыру бойынша Қоғам филиалдарының қызметін жоспарлау, ұйымдастыру;
- Қоғамның тақырыптық жоспарын әзірлеуді, бекітуді және іске асыруды ұйымдастыру;
- әдістемелік бағыт, курстан кейінгі қолдау, оқытушылардың кәсіби дамуы бойынша жаңа, алғаш енгізілетін жұмыс түрлері бойынша жұмысты үйлестіру;
- қажетті есептілікті дайындауға және ұсынуға қатысу;
- Қоғамның әдістемелік қорын толықтыру процесін үйлестіру;
- Қоғам филиалдары кітапханаларының жұмысын үйлестіру;
- Департамент қызметінің функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жобаларын әзірлеу;
- Департамент директоры уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) оның міндеттерін орындау;
- өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;
- іс қағаздарын жүргізу және құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- ;
- 30) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 06.09.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.