ҚР Мемлекет басшысының жолдауы жайында

Еліміздің барша оқушылары мен ұстаздарының қуанышты күнінде ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын жолдап, жұрттың көңілінен шықты деп айта аламыз.
Бес бағдардың ішіндегі «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты үшіншісінде тоқталып өтсек. Өз сөзінде Президент «Еліміздің басты құндылығы – адам», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атап өтті, яғни осы орайда Қ.Тоқаев балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешуді, оған қоса тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды, жалақысын көбейтуді, орта білімнің сапасын қамтамасыз ету мақсатында әрбір қазақстандық оқушыны оқыту және жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдайлар жасауды, жоғары білім беру саласындағы реформаларды жалғастыруды тапсырды. «2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады», – деді өз сөзінде Президент. Сонымен қатар, Президент педагог кәсібінің тартымдылығын арттыру саласындағы мемлекетпен асырып жатқан жұмысы аз болмағанмен, бұл бағыттағы іс-әрекеттерді одан әрі жалғастыру қажеттігіне назар аударды.
«Өрлеу» Павлодар филиалының қызметкерлері Президентімізбен белгіленген бағдарды қолдап, еліміздің болашағы – балалрымыздың білім сапасын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыруға дайын әрдайым дайын екенін білдіреді. Болашағымызға білімді, бәсекеге қабілетті, тәрбиелі инвестиция жасайық!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар