Дәстүрлі тамыз конференциясы – бұл білім берудегі перспективалық бағыттар контексінде педагогтердің, оқушылардың, ата-аналардың білім беру мүмкіндіктерін іске асырудың бірыңғай стратегиясын талқылауға арналған кәсіби-қоғамдық диалог. Бүгін диалог өтті! Конференция бағдарламасында бірегей модератор, жарқын спикерлер, облыс әкімінің марапаттарды тапсыруы, балалардың сәлемі, гүлдер, шабыттанған қатысушылар мен ардагер-тәлімгерлер, әріптестермен күтпеген кездесулер, онлайн – көрсетілім және тағы басқалар бар! Педагогикалық жұртшылықты толғандыратын мәселелер ұсынылып, облыстағы білім беруді дамытудың үздік тәжірибелері талқыланды. Көп ұзамай балалар қайтадан партаға отырады, біздің басты міндетіміз – мектептерде оларға ыңғайлы және қауіпсіз болу. Өйткені, біз жасағанның бәрі – балаларымыз үшін!
Сәт сапар, құрметті әріптестер!






