Конференция «Білікті маман-заман талабы»

2022 жылдың 2 қыркүйек күні Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Білікті маман-заман талабы» тақырыбында конференция өтті. Конференцияның мақсаты студенттер жұмысының практикалық кезеңінде нақты жұмыс түрлерімен өзіндік кәсіби тұлғалық дамытудың толық бағдарламасының жоспарымен, сыныптағы педагогикалық процестің жағдайын ұғынып, меңгеруі, психологиялық – диагностикалық әдістердің кешендерімен таныстыру. Конференцияға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы, «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының меңгерушісі Абашева Перизат Алпысбайқызы, Шымкент қаласы №82 жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тастанов Ғалымжан, Шығыс жекпе-жек түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі КММ директорының орынбасары Жанабердиев Кайрат Жетибаевич қатысты. Студенттерге тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру, психологиялық, іскерлік дағдыларын жетілдіру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестер берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар