«Өрлеу»-Павлодар қабырғасындағы пәндік курстарға тыңдаушылардың үшінші ағымы қатысуда. Олар осы аптадан бастап қыркүйектің 16-на дейін білімдерін ұштайтын болады. Тыңдаушылардың қататрында қазақ тілі, орыс пен ағылшын тілі, физика, математика, тарих, информатика пәндері мен бастауыш сынып педагогтері бар. Айта кетерлігі, біліктілікті арттыру шаралары бұл жолы Павлодар, Екібастұз бен Ақсу қалаларының білім ордаларында қатар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі таңда облысымыздың екіжүзден астам мұғалімі курстың тыңдаушысы болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, ү.ж. 1-тамызынан бастап республика бойынша пән мұғалімдеріне арналған курстар басталған. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 18 000 астам ұстаз құзыреттілігін арттырған. Өрлеумен арнайы әзірленген курстар бойынша 40 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлануда.
