«Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» республикалық конкурсы

«Өрлеу» БАҰО АҚ-ның  бастамасымен «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» Республикалық конкурсы дәстүрлі түрде  өткізіліп келеді. Конкурс ауылдық мектептің педагогикалық ұжымының оқу-әдістемелік қызметін, тәжірибесін тарату мақсатында өткізіледі. Ұйымдастырушы: «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның  «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы; Конкурс аясында үздік ауылдық мектептердің тәжірибесін тарату, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инновациялық бастамалар мен педагогикалық технологияларға қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Конкурс туралы барлық ақпараттар жергілікті білім бөлімдеріне таратылған.  Жоғары нәтижелі инновациялық бағытта жұмыс атқарып жатқан шығармашыл ұжымдар – ауыл мектептерін Республикалық конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар