Білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі қолдау департаментінің маманы
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі қолдау департаментінің маманы бос лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бір жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, біліктілікті арттыру, оқыту және білім беру саласын, педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
Негізгі міндеттері:
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) филиалдарды әдістемелік жұмыстың басым бағыттары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
5) біліктілікті арттыру жүйесінің үздік республикалық және халықаралық тәжірибесін, оның ішінде білім беру бағдарламаларын және курстан кейінгі қолдауды зерделеу және талдау;
6) өз қызметінің бағыттары бойынша бұйрықтар жобаларын, қызметтік хаттар, әдістемелік ұсынымдар дайындау;
7) оқу бағдарламалары мен ОӘК мазмұнын әзірлеуге және жаңартуға қатысу;
8) әдістемелік жұмыстың мазмұны бойынша талдамалық материалдарды жинақтау;
9) жұмыс тобының құрамында үздік педагогикалық тәжірибені сараптау үшін қажетті материалдарды дайындау бойынша жұмысқа қатысу;
10) педагог пен маманның қоғамдық жай-күйіне сәйкес мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау;
11) білім беру қызметін ұйымдастырудың жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;
12) Департамент қызметінің мәселелері бойынша деректерді жинауды, талдамалық есептерді және ақпараттық анықтамаларды дайындауды жүзеге асыру;
13) филиалдардың мамандарына біліктілікті арттыру мәселелері бойынша консультациялық көмек ұйымдастыруға, біліктілікті арттырудың түрлері мен нысандарын айқындауға қатысу;
14) Қоғамда әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша ережелер мен бұйрықтардың жобаларын әзірлеу;
15) Қоғам филиалдарының тақырыптық жоспарларын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
16) Қоғам филиалдарының әдістемелік құжаттамаларына жүйелі талдау және бақылау жүргізу;
17) филиалдардың әдістемелік жұмысының жағдайына талдау жүргізу, қажеттілігіне қарай филиал бөлімдерінің жұмыскерлеріне консультациялық көмек көрсету;
18) әдістемелік жұмысты жетілдіру, озық тәжірибені тарату бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысу;
19) электрондық әдістемелік базаны құру шеңберінде барлық әдістемелік құжаттаманы автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыру;
20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
21) Департаменттің іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
22) уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) Департамент жетекші маманының және (немесе) бас маманының оқу-әдістемелік жұмыс бойынша міндеттерін орындау, сондай-ақ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес Қоғамның Басқарма Төрағасы айқындаған, Қоғамның басқа да жұмыскерлері уақытша болмаған жағдайда олардың міндеттерін орындау;
23) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
24) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;
25) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша Қоғамның жұмыс топтарының, комиссияларының жұмысына, сондай-ақ кеңестеріне қатысу;
26) мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;
27) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;
28) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;
29) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
30) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
31) Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;
32) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 20.09.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.