Балабақша  педагогтеріне  жаңа міндеттер жүктелуде

Сарысу ауданының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтуде. Курс мақсаты-жаңа оқу жылына бағытталған нормативті құжаттармен танысу, педагогтердің ойын түрлерін оқу үрдісінде пайдалану құзыреттілігін дамыту. Курс тыңдаушылары мектеп жасына арналған ойын түрлеріне талдау жасау арқылы шығармашылық бағыттарын шыңдай түсті. Тыңдаушылар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютерлік ойындар мен бағдарламаларды меңгеру арқылы мультипликациялық фильмдерді монтаждауды меңгерді. Сонымен қатар, Smart box,  3D қаламы,   Busy board-танымдық тақтасы секілді заманауи ойын құралдары мен  түрлеріне талдау жасады. Курс тыңдаушылары Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында орналасқан «Айгөлек» және «Болашақ» және «Ақ көгершін» шағын орталықтарының базасында ұйымдастырылған көшпелі-тәжірибелік сабақтарына қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар