Курсаралық шара аясында Ақжайық ауданының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерімен бірге «Жұбан орталығында» әдеби кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: рухани құндылығымыз Жұбанның әдеби мұраларын кеңінен насихаттау және Жұбан орталығындағы тарихи жәдігерлерді электронды форматқа көшіру жобасында ой бөлісу болды. Алдағы уақытта «Педагогикалық идеялар понарамасы» байқауына Жұбан орталығын электронды музей форматында барлығына қолжетімді ету идеясын жүзеге асыру үшін шығармашылық топ құрылып, орталықтың бес залы бойынша жобалар бөлініп берілді.
Курсаралық шара аясында бұл жұмыс жалғасын табады деген сенім бар. Курс жетекшісі Рауан Бақытқызы Мулдағалиева жоба жетекшілерін тағайындап, алғашқы қадам жұмыс жоспарын құруды тапсырды.

