«Менің алғашқы ұстазым» облыстық акциясы

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
«Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Ұстаздар күніне орай «Менің алғашқы ұстазым» (бейнеролик) облыстық акциясын өткізеді.
Облыстық акцияға қатысушылар материалдарыңызды ustaz_2022@mail.ru электрондық почтаға 30.09.2022 ж. дейін жіберулеріңіз сұралады. Қатысушылар алғыс хаттар, сертификаттармен марапатталады. Акция қорытындысы 10.10.2022 ж. «Ақтөбе-Өрлеу» сайтында жарияланады.
Құрметті әріптестер қатысуға шақырамыз!!!
Акцияға қатысты сұрақтар бойынша төмендегі телефонға хабарласуға болады. Тел.: 87077337448

ф

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар