13 қыркүйек 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясында аға оқытушысы, п.ғ.м., тренер А.С. Сугурбаеваның ұйымдастыруымен “Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда АКТ-ны тиімді пайдалану” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты: қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында өзіндік тәжірибелерін көрсету арқылы шеберліктерін арттыру.
Теориялық бөлімде Г.Ж., Матенова Г.А. Амантаевалар қазақ тілі мен әдебиеті сабағында және жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру жайында баяндама оқып, ойын технологиясы арқылы баланы субьект ретінде қалыптастыру жайында ой қозғады.
Практикалық бөлімде мектеп мұғалімдері Садыкова І.Қ., Дошниязова К.О., Нұрманова А.Б., Жакупова Ж.А., Мамбетрзаева С.Б., Сқақ Л.Ә., Утеулиев Қ.К., Н.С.Ұзақовалар тренингтер, ашық сабақтар көрсетіп, цифрлық технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қалай тиімді пайдалану керектігін іс жүзінде көрсетті.
Жалпы, цифрлық ресурстарды қолдану балалардың таным-түсінігін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Курс тыңдаушылары өздерінің кері байланыстарында семинардың практикаға бағдарланған форматын атап көрсетіп, мектеп мұғалімдеріне, ұйымдастырушыларға кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғыстарын жеткізді.





